USD474.83EUR515.38RUB5.5

Суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

26 шілде 2022, 15:21
Семей қаласының тұрғындары суға батып бара жатқан 39 жастағы ер адамды құтқарып қалды.
Суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 24 шілдеде Семейдегі Ертіс өзенінде болған.

«Сергей Фоминых суға батып бара жатқан ер адамды көріп, соған қарай ұмтылған. Сол кезде оған Ержан Жәңгіров көмекке келді. Екеуі есінен танған азаматты судан шығарып алып, жағада алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Олардың қасына келген Виктор Глинский зардап шегушіні аман алып қалу үшін реанимациялық әрекеттер жасады.

Әйтеуір 39 жастағы ер адам есін жиды. Сәлден соң ол жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

 Белгілі болғандай, жәбірленуші досымен бірге шомылуға рұқсат етілмеген жерге келіп суға түсіп, есінен танып қалған ол бата бастады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar