USD474.83EUR515.38RUB5.5

Еңбек министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады

25 шілде 2022, 16:21
Қазақстанда 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.
Еңбек министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін атады

1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы маусымда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 261,9 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 79,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 182,6 млрд теңге бағытталды.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 247 мың адамды құрайды.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 117 469 теңгені құрады.

Еңбек министрлігінде 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.

Мәселен, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылды құраса, сондай-ақ ол болмаған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% - ына тең болса, одан әрі 10 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2% - ға артады.

Мысалы, 20 жыл қатысу өтілі кезінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74% – ын, 30 жыл - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94% - ын құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан көп жыл болған жағдайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% – ы мөлшерінде белгіленеді.

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ аудару бір айда бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.

- Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнетақы жасына жеткен кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де соғұрлым жоғары болады, деп ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінде атап өтті.

Сондай-ақ, ведомствода жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде алты ай талап етіледі) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық кіріске байланысты екенін атап өтті.

ФОТО: aqmolanews.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar