Олар Қаржаубайұлы (Қабанбай батыр көшесінен Мамай батыр көшесіне дейін), Б. Момышұлы (Дулатов көшесінен Мұхамедханов көшесіне дейін), Тұрлыханов (Глинка көшесінен Докучаев көшесіне дейін), Герцена (Дулатов көшесінен Засядко көшесіне дейін), Аймауытов (Шәкәрім (Чехов) даңғылынан Севастополь көшесіне дейін), Ыбыраев (Уранхаев көшесінен Дулатов көшесіне дейін), Карменов (Глинка көшесінен Спартак көшесіне дейін), Жангелдин (Дастенов көшесінен Қабылбаев көшесіне дейін), Селевин (Юность көшесінен Волгоград көшесіне дейін), "Цементник" жағынан (Физкультурная көшесінен Докучаев көшесіне дейін), Жеңіс саябағы жағынан (Момышұлы көшесінен ), "Семей" қонақ үйі жағынан (Қабанбай батыр көшесінен Момышұлы көшесіне дейін).
Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттары, ТКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары, қаланың қоғам белсенділері қатысқан ашық жиналыс барысында белгілі болды.
Оң жақ бұрылыстарды жайластыру жұмыстарын "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді.
- Өздеріңіз білетіндей, қалада автомобиль қозғалысы қиын және машиналар ағынын жеңілдету үшін осындай шешім қабылданды. Осы мақсаттар үшін ең көп жүктелген орындар таңдалды. Оң жақ бұрылыстарды жайластыру жұмыстары 10 шілдеде Селевин көшесінен басталды, - деп атап өтті "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС мердігерлік ұйымының маманы Жандос Занкеров.
Сондай-ақ, мердігер қала тұрғындарын оң жақ бұрылыстар жасалатын аумақта өсетін ағаштарды кесуге түсіністікпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, олардың орнына басқа ағаштар отырғызылады.
Жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.
Әсел АЙДАР