
"11 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Анатолий Балушкиннің ісі бойынша сотқа 77 бірлік жылжымайтын мүлікті, оның ішінде "Рахман қайнары", "Нұртау" және "Фортуна порты" демалыс базаларын, сондай-ақ 1 000 бірлік жылжымалы мүлікті сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жіберілді", - делінген хабарламада.
Өткен жылдың тамыз айынан бастап Анатолий Балушкин алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде. Бұған дейін оның компанияларының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен көптеген дау-дамайлары болған. Бизнесменнің компаниялары барлық сот істерінен айырылды.
Мемлекет Анатолий Балушкиннің "Бипэк Авто – Азия Авто" кәсіпорнымен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді 2020 жылы бұзып, компанияға 10 жыл ішіндегі преференциялар сомасын 400 млн доллардан астам мөлшерде қайтаруға міндеттеді.
ФОТО: klimovs-travels.ru