USD426.32EUR496.41RUB5.5

Еріктілердің бірыңғай орталығы ашылды

23 қаңтар 2020, 10:13
Президенттің жарлығымен 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Осыған байланысты, бүгінде бүкіл республика бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлік қозғалысы орталықтарының бірыңғай Ашық есік күні деген республикалық акциясы өтуде. Сонымен Семейде қалалық Достық үйінің базасында бүгін еріктілер қозғалысы орталығы да ашылды.
Еріктілердің бірыңғай орталығы ашылды

Жобаның басты мақсаты - ҚХА-ның еріктілер қызметін ұйымдастырудың бірыңғай орталығын ашу, оның ішінде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып, азаматтық қатысудың бірыңғай алаңын құру.

Орталықтың ашылуы ҚХА еріктілер қозғалысының қызметін ұйымдастырудың және үйлестірудің бірыңғай тетіктерін құруға, еріктілік институтын дамытуға және тұрғындар арасында азаматтық қатысудың идеялары мен принциптерін таратуға мүмкіндік береді.

- Ерікті дегеніміз жасына және ұлтына байланысты ұғым емес. Бүгін біздің орталыққа түрлі жастағы мен түрлі ұлттағы адамдар кіреді. Бір жыл ішінде біз еріктілерге байланысты барлық жұмыстарды үйлестіреміз. Бұл біздің Отанымызды жақсартуға бағытталған бірыңғай база болады. Біз әр түрлі бағытта жұмыс істейтін боламыз, - дейді қалалық Достық үйінің жетекшісі Надежда Шарова.

ҚХА еріктілер қозғалысы төрт негізгі бағытта жұмыс істейді, олардың біріншісі - әлеуметтік. Бұл бағыт еріктілерді әлеуметтік бағдарламалар аясында қоғамдық іс-шараларға қатысуды, мұқтаж адамдар мен табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсетуді, тарихи рухани және сәулеттік құндылықтарды қорғауды және тағы басқа талаптарды қамтиды. Білім беру аймағында еріктілер түрлі пәндер бойынша ақысыз сабақтар ұйымдастырады, Достық үйінде тілдерді үйретеді, студенттерге кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс жасай бастайды. Спорттық бағыт отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сонымен қатар еліміздің өңірлерінде дене шынықтыру мен спортты дамытуды қамтиды. Төртінші бағыт - медиация. Мұнда еріктілер даулар мен жанжалдарды шешумен және қоғамға әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесумен айналаспақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar