USD481.68EUR522.48RUB5

Ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасы іске қосылады

18 шілде 2022, 12:04
- Елімізде отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген несиемен беру бағдарламасы іске қосылады

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, РОП операторының қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу механизмін пысықтап жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство бағдарламаны биыл іске асыру үшін 3,5 млрд теңге қарастырылып отырғанын хабарлады. Ал аралас көздер арқылы тартылатын қаржы көлемі – 7 млрд теңге.   



 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar