
ШҚО Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 22 маусымда Серебрянск қаласының маңында болған. «Көкжиек-Күмістау теміржол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - делінген ақпаратта. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта учаскеде қозғалысты қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, биыл сәуір айында ШҚО-да жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кеткен болатын.