USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жаңа кітаптар шеруі

08 қыркүйек 2023, 16:35
Қалалық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі мен Құрылыс колледжі студенттерінің қатысуымен «Жаңа кітаптар шеруі» атты ақпарат күнін өткізді.
Жаңа кітаптар шеруі

Шараның мақсаты: оқырмандарға кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани дүниетанымын кеңейту.         

Кітапханадағы ақпарат күні оқу залындағы экскурсиядан басталып, кітапхананың қазіргі әлемдегі рөлі мен кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме қозғалды.

Библиограф «әр адамның өмірінде әдебиеттің алар маңызы зор екенін, сондықтан да кітапхана қорының жаңа кітаптармен толығуы оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері үшін де әрқашан маңызды және қуанышты оқиға болып табылады», - деп бүгінгі шараның басты мақсатын айқындап берді.

Көрмеге 70-тен аса жаңа кітаптар қойылды, соның ішінде Абай шығармашылығына арналған М.Мырзахметұлының «Абайтану» көптомдық шығармалар жинағы мен Е.Сыдықовтың «Абайдың ғұмырнамасы» ешқашан маңыздылығын жоймайтын  құнды қазына екендігі айрықша атап өтілді. Сондай-ақ, Р.Мұқанованың «Сарра», Е.Әкімқұловтың «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы», А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ», «Қазақтың хас батырлары» т.б. оқырмандар тарапынан қызығушылыққа ие болды. Сонымен қатар, көрме төрінен орын алған көптеген қаламгерлердің шығармалары көпшілікке кеңінен таныстырылды.

Шара соңында қатысушыларға жаңа кітаптар тізімі ұсынылып, түрлі ақпараттық парақшалар таратылды. Бұндай шараларды өткізу ақын-жазушылардың баға жетпес туындыларын насихаттауға, өскелең ұрпақты көркем әдебиет оқуға, кітапқа деген құштарлықтарын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar