USD480.55EUR533.75RUB5.36

Бесқарағай ауданында бірқатар мәдени өзгерістер бар

31 тамыз 2023, 15:20
«Жеті қазына» жаңа сәулеттік ескерткіші мен ауыл клубының салтанатты ашылуы болды. Іс-шаралардың барлығы Конституция күніне орай ұйымдастырылды.  
Бесқарағай ауданында бірқатар мәдени өзгерістер бар

«Жеті қазына» монументі символдық жәдігер ғана емес, қазақ халқының қайталанбас салт-дәстүрін, құндылықтарын көрсететін, сондай-ақ, жеті санына байланысты рухани көзқарасты қалыптастыратын ескерткіш.
 
«Барлық кезеңде халық арасында жеті саны қасиетті саналды. Бұл ескерткіш өнер мен мәдениеттің символы ретінде қазақ халқының тарихындағы құндылықтардың маңызын еске салады», - деді аудан басшысы өз сөзінде.
 
Сондай-ақ, Бозтал ауылында жаңа ауылдық клуб ашылды. Жақын арада бұл жер ауыл тұрғындарының басын қосып, түрлі мәдени іс-шаралар өткізетін орынға айналады.
 
Айта кетсек, күрделі жөндеуден өткен ауылдық клуб ғимаратында бос уақытты пайдалы өткізуге барлық жағдай жасалған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar