
Сондай-ақ Көкпекті ауылының Авдеев, Уәлиханов, Цепура, Бейсембаев, Фахрутдинов, Кегенбай би көшелерінің жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екі жоба бойынша мердігер «Көкпекті жолдары» ЖШС компаниясы жұмыстар атқаруда. Жобаға 182 млн. теңге қаражат бөлінген. Біз Фахрутдинов көшесінде көп жылдан бері тұрып жатырмыз. Осы уақыт ішінде бұл көше бұлай жөнделмеген. Жауын-шашында аяғымыз батпаққа батса, ашық күндері борпылдақ шаңға көмілетінбіз. Көшеміз жөнделіп, асфальт төселгелі жатқанын естіп қуанып жатырмыз, – деді ауыл тұрғыны Ғалия Адылханова. Жоба бойынша жолдың 3 км қашықтығы жөнделетін болады. Жол құрылыс жұмыстары 1 тамыздан басталған. Қазіргі уақытта мердігер компания жол төсемін тегістеуге кіріскен. Бұл жұмыстар аяқталған соң асфальт жайылатын болады.