
Бүгінде Егінсу ауылдық округіне қарасты Сартерек учаскесіндегі «Алғабас» шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісімен 100 га жүгері еккен. Дәл осы аумақта «Мұхит-Агро» ЖШС 12 бірлік техникамен жаңбырлатып суару әдісі арқылы 960 га жерге 640 га жүгері, 320 га бидай өсіріп жатыр.
Сондай-ақ, Қаратұма ауылдық округiне қарасты Балатөбе учаскесiнде «Urdzhar Agro Company» ЖШС 720 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісімен, 100 гектар жерге тамшылатып суару арқылы жүгерi өсіруді игеріп отыр.
Мақаншы ауылдық округіне қарасты Төрткөл елді мекенінде 74 гектар жүгерінің тамшылатып суару әдісімен суару тиімділігін арттырып, су шығынын азайтуға мүмкіндік берді.