
Ағымдағы жылы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында ауданда 3 ауылдағы жолдар жөнделді. Алдағы 2024 жылы осы бағдарлама аясында басқа елді мекендерде де жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмас Тастенбеков.
Айта кетейік, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Жыланды, Қарабас және Өндіріс ауылдарындағы кірме жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына 251,8 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Бесқарағай ауданында көше жарығын орнату жұмыстары жүргізіледі.