
Ақтоғай кентінде инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарына қолайлы өмiр сүру ортасын қалыптастыру мақсатында, кенттің ішкі 3,4 км жолдарына жөндеу жасалып жатыр. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу байқауының нәтижесіне сәйкес мердігер «Нұрлы жол-KZ» ЖШС жүргізуде.
Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары кенттің А.Құнанбаев, Қабанбай, Ж.Жабаев көшелерінде жүргізіліп жатыр. Жоба құны: 233 млн тенге. Жұмыстың аяқталу мерзімі - 2023 жылдың тамызына дейін деп жоспарланып отыр.