USD502.47EUR525.83RUB5.68

ТЕРЕКТІ-ШҰҒЫЛБАЙ ЖОЛЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

03 шілде 2023, 16:44
Шұғылбай ауылында құрылыс жұмыстары қызып тұр. Қазіргі уақытта Теректі-Шұғылбай аралығындағы жолға асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған су құбыры желілерінің құрылысы да басталып кетті. Жансүгіров атындағы орта мектептің шатырын ауыстыру жұмыстары жоспар бойынша орындалуда. Барлық құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың тікелей бақылауында.
ТЕРЕКТІ-ШҰҒЫЛБАЙ ЖОЛЫНА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Бұл екі жылдық жоба. Былтырғы жылы Шұғылбай-Өрнек аралығындағы автокөлік жолының 7,8 шақырымына асфальт салынған. Биылғы жылы Өрнек және Теректі ауылдары арасындағы 7.1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселуде. Жоба «Паритет 50-50» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны 631 миллион 908 мың теңге. 2022 жылы 356 миллион 547 мың теңге, 2023 жылы 275 миллион 361 мың теңге қаражат бөлінді. Жол құрлысын жүргізуші мердігер ұйым «Көкпекті жолдары» ЖШС.

- Биылғы жылы Теректі-Шұғылбай жолынының қалған 7.5 шақырымына асьфалт төсеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс 1 маусымда басталды. Жоспар бойынша айдың соңына дейін жұмыс толық аяқталады. Тұрғындарға айта кетейін дегенім, 2019 жылы асфальт төселген Преображенка-Теректі аралығындағы жолда біздің құрылыс техникалар жүруінен пайда болған шұңқырлар мен бұзылған жерлер толық қалпына келтіріледі. Жұмыс барысында оның барлығын көріп, біліп отырмыз. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң барлық бұзылған жол учаскесін жөндеп кетеміз. Ол үшін қам жемеңіздер демекпін, - дейді мердігер компания басшысы Гүлназ Нұрғалиева.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың тапсырмасы бойынша жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауда ұстау үшін жергілікті қоғамдық қауымдастық тарапынан комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Бүгінгі күні орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жол құрлысына 17 техника және 23 адам күші жұмылдырылған. Шұғылбайлықтар асыға күткен асфальт жол да таяуда пайдалануға беріледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar