
Бұл туралы аудан әкімінің бірінші орынбасары Алмас Тастенбеков мәлімдеді.
«Ел Үкіметі ағымдағы жылдың наурыз айында ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Бұдан басқа, «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде»,-деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары А.Тастенбеков.
Соның ішінде бүгін назарларыңызға аталған жоба аясында Стеклянка ауылында жасалған көше шамдарына ауыл тұрғындарының пікірін ұсынатын боламыз. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлы аудан халқымен кездесу барысында Стеклянка ауылының тұрғындары тарапынан аталған сұрақ көтерілген болатын. Бүгінгі таңда сұрақ өз шешімін тауып, ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлауда.