
Елдімекен тұрғындары тарапынан жер, су, жол, мемлекет тарапынан берілетін көмектер бойынша сұрақтар қойылды. Көтерілген мәселелер ұқсас болғанымен, әр тұрғынды жеке тыңдау - маңызды. Бұл әрі мәселені бірінші көзден білуге, әрі атқарылған және алдағы жоспарды баяндауға үлкен мүмкіншілік береді. Кездесу барысында тұрғындармен ашық сұхбат жүргізіліп, қойылған сұрақтарды шешу жолдары бірге талқыланды.
Сондай-ақ, аталған ауылдық округте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екі пәтерлі, екі үйдің құрлысы басталған болатын. Пәтер кезекте тұрған ауылдың тұрғындарына берілетін болады. Жалпы 1928 жылы құрылыған Бесқарағай ауданының тарихына үңілсек 1932 – 1952 жылдары аудан орталығы Жетіжар (Семияр) ауылы болғанын бірі білсе, бірі білмес. Осы орайда биыл ауданымыздың 95 жылдық мерейтойы аясында ауылдық округ аумағында бірнеше жобалар жүзеге асырылып, ауқымды іс-шаралар өтетін болады. 95- жылдық аясында жүзеге асатын жобалардың бірі ол ауыз су құбыры желісінің тартылуы. Бүгінгі таңда мердігер ұйымдар су құбыры желісін тарту жұмыстарын бастап кетті.