
Ағымдағы жылдың 29 сәуір айында Жамбыл көшесі 9 үй мекенжайы бойынша («Турист» қонақ үйінің алдында) сағат 9-дан бастап жергілікті тауар өндірушілер мен қаланың көтерме саудагерлерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтеді.
Ассортиментте жеміс-көкөніс, сүт, азық-түлік және ұн өнімдері бар, олар өндірушілер мен көтерме саудагерлер бағасымен сатылады.
Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкені тамашалауға және делдалдарсыз қолжетімді бағада өнімді сатып алуға шақырамыз!
Ұйымдастырушы: «Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ.