Бұл туралы Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова айтты. Сөзінше 3 баладан қызылша ауруы анықталған.
“Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сыныбында 1 баладан, 3 сыныпта 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осыған байланысты 3 сынып пен 5 сыныпты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шешім қабылдадық. Өйткені, дизенфекция мен тазалық жұмыстары жүргізілу керек”,- деді ол.
Биыл аталмыш өңірде 2 наурыз бен 24 сәуір айы аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 15 жағдай тіркелген. Оның ішінде алтауынан қызылша ауруы зертханалық жолмен дәлелденп отыр. Ал 4 жағдай бойынша зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді. Сондай-ақ, 5 жағдайға байланысты зерттеу қорытындысы әлі жүргізіліп жатыр.
“Оған қоса науқастармен қарым-қатынаста болған 216 адам медициналық бақылауда. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 7 адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Санитарлық–эпидемиологиялық тексеру жалғасуда”,- дейді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов.