USD446.49EUR475.38RUB4.79

Ауыл шаруашылығы

24 сәуір 2023, 11:34
Қаланың ауыл шаруашылығын дамыту Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады. 2021 жылға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Семей қаласы бойынша аса маңызды индикативтік көрсеткіш - ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға 6 459 мың теңге мөлшерінде еңбек өнімділігі жоспарланған (2020 жылғы деңгейге 114,6%).
Ауыл шаруашылығы

Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымын ағымдағы жылы 46,8 млрд. теңгеге дейін жеткізу, 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 114,8 % өсімімен жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ 102% құрайды.
Бүгінгі таңда ағымдағы жылдың 8 айының АӨК көрсеткіштерін талдауға болады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 17,5 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 114,3% (15,3 млрд. теңге) құрады.
Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) – 100% - ды, 2020 жылы (92,9%) құрады.
Жоғарыда көрсетілген экономикалық көрсеткіштерден басқа, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар маңызды рөл атқарады, олар 2021 жылғы қаңтар-тамызда 584,2 млн.теңгеге немесе 2020 жылғы деңгейге 280% - ға (208,3 млн. теңге) жетті.
Жыл басынан бері 7,66 млрд. теңгеге 2 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 159,1 млн. теңге суару жүйелерінің құрылысына («Агрофирма Приречное» ЖШС), 7,5 млрд. теңге. өсімдік майларын өндіру бойынша май экстрациялау зауытының құрылысына («QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС). Сондай-ақ тауарлық жұмыртқа шығару бойынша 215,0 млн.теңгеге инвестициялық жоба енгізілді («SEMEI QUS» ЖШС, 3,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді).
2021 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 292,0 млн. теңге сомасына 53 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ықпал етеді.
«QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС Өзбекстан мен Қырғызстанға 1 362,5 млн.теңге сомасына 3 926 тонна өнім экспорттады.
Семей өңірі бойынша 2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 15720,0 га, 2020 жылы 14760 га құрады, бұл көрсеткіш 960 га немесе 6% - ға артық.
2021 жылғы 17 қыркүйектегі жағдай бойынша дәнді дақылдардың 50% жиналды, орташа өнімділігі 13 ц/га, бункерлік салмағында жалпы жинау 333 тоннаны құрады. Майлы дақылдарды жинау басталды. Күнбағыстың өнімділігі 10 ц/га құрайды. Жалпы егін жинау қарқыны өткен жылдың деңгейінен жоғары.
Ағымдағы жылы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге және жем-шөп дайындауға аумақтың ауыл шаруашылығы құрылымдарына тоннасы 180 мың теңге бағамен 705 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл көктемгі дала жұмыстарына бөлінген бағаға қарағанда 13 теңгеге қымбат.
2021 жылғы қаңтар-тамызда шаруашылықтардың барлық санаттарында өндіріс:
- ет тірі салмақта 14,1 мың тоннаға жетті, 2020 жылы-14,9 тонна немесе 2020 жылғы деңгейіне 0,8 тоннаға аз (95,4%);
- сүт 26,1 мың тонна, 2020 жылы - 24,8 мың тонна немесе 2020 жылдың деңгейіне 1,3 тоннаға артық (105,3%);
– 2020 жылы 5,7 млн. дана жұмыртқа-2,3 млн. дана болды немесе 2020 жылғы деңгейіне 3,4 млн. данаға артық (2,5 есе).
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мал басының саны артты:
– ірі қара мал 2021 жылы 76,6 мың бас, 2020 жылы-70,7 мың бас немесе 2020 жылғы деңгейіне 5,9 мың бас артық (8,3%);
– жылқы 2021 жылы 47,6 мың бас, 2020 жылы-41,3 мың бас немесе 2020 жылғы деңгейіне 6,3 мың бас артық (15,2%);
– қой мен ешкі 2021 жылы 85,3 мың бас, 2020 жылы-79,2 мың бас немесе 2020 жылғы деңгейіне 6,1 мың бас артық (7,7%).
2021 жылға облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы саласы бойынша индикативтік көрсеткіштерді жеткізді:
- «Тұқымдық түрлендіруге қатысу» – ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша тұқымдық түрлендірумен 7848 бас қамтылды немесе орындалуы - 85,6 %.
- «ІҚМ және ҰҚМ сатып алу» – ІҚМ – 200 бас, ҰҚМ-900 бас.
Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 73,2 млн. теңгеге 267 бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал және 90 бас жылқы сатып алынып әкелінді, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 42,0 млн. теңгеге 1050 бас ұсақ мал сатып алынды.
Семей қаласын дамытудың 2021 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында Алғабас ауылдық округінде 1000 басқа арналған 1 бордақылау алаңының құрылысы жоспарланған. Қожалық 200 басқа арналған бордақылау алаңы құрылысының бастапқы кезеңін аяқтады, 2022-2023 жылдары – кейіннен 1000 басқа дейін кеңейту және жобаны іске асыруды аяқтау.
Тұқымдық түрлендіру әлеуетін іске асыру үшін 2021 жылы бордақылау алаңдарына 1500 бас өгізше салу жоспарланған. Өгізшелерді бордақылау алаңдарына тапсыру 1 қазаннан басталады, бүгінгі күні 757 бас немесе жоспардың 50,4 % қойылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Қазан айында 800 басқа немесе жоспардың 53% жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Халықтан сүт жинау жұмыстары жалғасуда. Халықтан сүт сатып алу бойынша 2021 жылға жоспар 1540 тоннаны құрайды. Ағымдағы жылдың 8 айында 1210,9 тонна сүт сатып алынды немесе жоспар-тапсырмаға 78,6%.
Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 60% - ды құрайды.
Мемлекеттік қолдау шаралары
2021 жылы ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға 1579,7 млн.теңге, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 268,6 млн. теңге, мал шаруашылығына – 450,0 млн. теңге, инвестициялық субсидиялауға –159,1 млн. теңге, қайта өңдеу саласына – 702,0 млн. теңге субсидия бөлінді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar