USD502.47EUR525.83RUB5.68

Алдағы 2 жылда мектептерді күтіп ұстауға 200 миллиард теңге жұмсалады

21 сәуір 2023, 13:41
Еліміздегі мектептерді күтіп ұстауға 2023-2025 жылдар аралығында 200 миллиард теңге жұмсау жоспарланған
Алдағы 2 жылда мектептерді күтіп ұстауға 200 миллиард теңге жұмсалады

Бұл туралы Мәжілісте айтылды. “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін талқылау барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан алдағы 2 жылға қанша қаржы қарастырылғанын және қалай жұмсалатынын айтып берді. 

“Ұлттық жоба аясында апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және мектептер тапшылығын болдырмау үшін 401 жайлы мектеп салынады. Оның ішінде 226 мектеп 2024 жылы іске қосылады. Қалған 175-і 2025 жылдың аяғына дейін салынып бітеді деген жоспар бар. Сондай-ақ жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдар аралығында республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 2,6 триллион теңге бөлінеді. Оның ішінде құрылыс жұмыстарына 1 триллион 360 миллион теңге қарастырылған. Ал мектептерді күтіп ұстауға 200 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр”, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар құрылыс жұмыстары деп жоспарланған қаржының биыл 0,5 триллион теңгесі, 2024 жылы 1,1 триллион және 2025 жылы 1 триллион теңгесі игерілмек.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar