USD502.47EUR525.83RUB5.68

Петропавлда 30 саяжай су астында қалды

17 сәуір 2023, 14:18
Есіл өзені арнасынан тасуы салдарынан бірқатар саяжайлар су астында қалды. Төтенше жағдайлар департаменті өзен суының деңгейі әлі де көтерілетінін айтуда
Петропавлда 30 саяжай су астында қалды

Су тасқыны туралы Петропавловск.news сайты жазды. Дерекке сүйенсек, Есіл өзені арнасынан тасуы әлі де жалғасуда. Тіпті төтенше жағдайлар департаменді су мөлшерінің көбеюі қазір тоқтамайды деп отыр. 

Соңғы мәлімет бойынша халықаралық маңызы бар тас жолға жайылған су жақын маңдағы 30 саяжайды да басып қалған. Судың тереңдігі 30-35 сантиметрге жуықтаса, ұзындығы 120 метрге жетті. Қазіргі уақытта ол аумаққа арнайы ескерту белгісі де орнатылды. 

Өзен суының астында қалған саяжайлардың саны әлі де артады дейді департамент. Өйткені су деңгейінің арнасынан тасуы 19-20-шы сәуірге дейін жалғасады. 

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда Есіл өзені тасып, халықаралық маңызы бар автожолды су басқанын жазған едік. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar