
Ақтөбе қаласында Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына орай жазушы шығармаларын және ел ішіндегі тума таланттарды шыңдайтын халық театрларының атқарар рөлін насихаттау, олардың бір-бірімен іс-тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттарын өткізу және халық театрларын қолдау мақсатында өткен Республикалық «ТЕАТР - ӨНЕРДІҢ ҰЛЫ КӨШІ» атты халықтық театрлар фестиваліне Абай облысының Ақсуат халық театры қатысты. Театр ҚР Мәдениет қайраткері Б.Төлековтың режиссерлығымен Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасын сахналады.