Кейбір жолаушылар пойыздарының нөмірленуі мен қатынау маршруттарының өзгеруі туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлайды.
Нұр-сұлтан — Шымкент бағыты бойынша:
1 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті "Тальго" пойызы 86/85 Нұр-сұлтан Нұрлы жол — Шымкент тағайындалады;
1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жинақталған 71/72 Нұр-сұлтан-1 — Шымкент күнделікті коммерциялық пойызы тағайындалады.
Сонымен қатар, 5 қыркүйектен бастап 71/72 пойызының Нұр-сұлтан Нұрлы жол — Шымкент бағдарына қатынасы өзгереді.
Атырау — Алматы бағыты бойынша:
1 қыркүйектен бастап бір күнде қатынау мерзімділігімен стандартты вагондардан 29/30 Атырау — Алматы-2 коммерциялық пойызы тағайындалады;
3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар "Тальго" пойызы 41/42 Алматы-2 — Атырау пойызы күн сайын қатынайды.
Басқа бағыттар бойынша:
5 қыркүйектен бастап 10/9 пойыздың Нұр-сұлтан-1 — Алматы-1 бағдарына қатынасы өзгереді;
5 қыркүйектен бастап 73/74 Алматы-2 — Жезқазған жылдам пойызының құрамында "Тальго" (стандартты вагондардың орнына) вагондары күн сайын жүреді;
3 қыркүйектен бастап "Тальго" 69/70 Алматы-2 — Өскемен-1 коммерциялық пойызы жүрмейді.
ФОТО: el.kz