USD524.65EUR552.19RUB5.14

Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторий ұзартылмақ

02 тамыз 2022, 11:12
Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторийді 2024 жылдың соңына дейін ұзарту көзделіп отыр. Порталдағы Жарлықтың тиісті жобасын egov.kz "Ашық НҚА" Ұлттық экономика министрлігі жариялады.
Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторий ұзартылмақ

Құжат Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий енгізу туралы" Жарлығына өзгеріс енгізеді.

Мораторий енгізілетін бақылау нысандарын ескере отырып, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шағымдардың, халықтың өміріне қауіп төндірумен байланысты бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұзартылатын болады.

Енгізілетін мораторий жекелеген тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер тағайындау мүмкіндігін болдырмауды көздейді.

Құжат 2022 жылдың 11 тамызына дейін көпшілік талқылауында. Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сурет: 5q. media

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar