USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысында Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық өнер және спорт фестивалі өтеді

27 шілде 2022, 16:47
– Абай облысы Ақсуат ауданында Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық өнер және спорт фестивалі өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облысында Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық өнер және спорт фестивалі өтеді

Халық емшісі Ырғызбай Досқанаұлы атындағы жыл сайынғы дәстүрге айналған халықаралық өнер және спорт фестивалі 29 шілде күні басталады. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ас беріліп, Қазақстан, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Чехия, Дания, Түркия, Иран, Латвия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Литва, Эстония, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттерінен балуандар шақыртылып, қазақ күресінен халықаралық Гран При өткізіледі.

Сондай-ақ балалар арасында республикалық құран жарысы, Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойына арналған «Отан қорғау жолындағы батыр ерліктері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ. Көкпекті ауданы Екпін ауылында 140 шақырымдық бәйге, Ақсуат ауданы Ақсуат ауылының орталық стадионында ASSYL DOMBYRA 2022 супер финал және эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

«Тұғыры биік Тарбағатай» атты өнер және спорт фестивалі 31 шілдеде мәресіне жетпек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar