
Бұл жолы жаңа жылдық шар үш бұрышты мөлдір шынылармен безендірілді. Онда бейнеленген үш ананас «Ізгіниет» деп аталады. Ол мейірімділік пен ақ пейілділікті білдіреді. Ал ескі жылдың соңғы минутын есептеу дәстүрі әдеттегідей 31 желтоқсан күні түнгі сағат 11-ден 59 минут кеткенде басталады. Осы сәтте алып шар 23 метрлік биік тұғырдан төмен түсіріледі. Әсем көріністі биыл 1 миллионнан астам адам тамашалауы мүмкін.