USD476.01EUR490.15RUB7.81

Қаржы министрлігі шет елдерден 340 қазақстандыққа қатысты ақпарат сұратып жатыр

18 шілде 2022, 11:28
- Қаржы министрлігі бірнеше шет мемлекеттен қолма-қол шетел валютасын декларациялаған 340 қазақстандық туралы ақпаратқа сұрау жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаржы министрлігі шет елдерден 340 қазақстандыққа қатысты ақпарат сұратып жатыр

«Қаржы министрлігі Еуропалық Одаққа, Түркияға және БАӘ-ге аталған елдердің кедендік аумағына кіру кезінде қолма-қол шетел валютасын декларациялаған шамамен 340 Қазақстан резиденті бойынша ақпарат беру туралы сұрау жіберді», - деп мәлім етті Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Сонымен қатар комиссия резонанс тудырған істерді тергеу барысындағы халықаралық ынтымақтастық аясында атқарып жатқан жұмыс нәтижелерін баяндады. «Бас прокуратура тергеп-тексеру органдарына ұрланған активтерді шетелден қайтару бойынша қадамдық алгоритмдер, әдістемелер мен сұрау салу үлгілерін дайындады. Әрбір іс бойынша активтерді қайтару стратегиясы әзірленуде, қатар қаржылық тергеп-тексерулер – «Ақшаның ізіне түс» тұжырымдамасы іске асырылуда.

Активтерге тыйым салу, тоқтатып қою мақсатында жедел шаралар қабылдануда. Ол үшін «Carin» (Еуропа) және «Arin AP» (Азия және Тынық мұхиты аймағы) шетелдік ақпарат алмасу желілері пайдаланылады. Бұдан бөлек, Бас прокуратура Дүниежүзілік банктің және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Ұрланған активтерді қайтару жөніндегі бастамасымен ынтымақтастық орнатты», - делінген комиссия хабарламасында.

Айта кетейік, бұл уақытқа дейін қазақстандықтар енді активтерді қайтару комиссиясына ұсыныс жолдай алатынын жазған едік .

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar