USD448.15EUR483.46RUB4.86

Жыл соңына дейін Абай облысында қандай жобалар іске қосылады

24 маусым 2022, 09:55
Бірқатар жаңа нысандар Қазақстандық инвесторлар мен сингапурлық компаниялар есебінен ашылады.
Жыл соңына дейін Абай облысында қандай жобалар іске қосылады

Үржар ауданында "Бақты"кедендік өткелінің көліктік-логистикалық орталығын ашу жоспарлануда. Жоба 3,8 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Сондай-ақ, жаңа облыста 4,45 млрд теңгеге мал шаруашылығы кешенін құру және дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа нысан Тарбағатай ауданында салынуда.

Өңірде Суздаль кен орнындағы металлургиялық зауыттың CIL учаскесі үшін көмір десорбциясы және электролиз цехының ашылуы күтілуде. Бұл жобаға қазақстандық инвестор 2,34 млрд теңге салады.

Сингапурлық компания Жарма ауданындағы цемент зауытын жаңғыртуы тиіс.

Айта кетейік, биылғы жылы инфрақұрылымды дамытуға 5,3 млрд теңге бөлінген. Автомобиль жолдарын жөндеуге 4,01 млрд теңге, сумен жабдықтау жүйелеріне 1,2 млрд теңге бағытталады. Республикалық бюджеттен жылу-энергетикалық жүйеге 115,07 млн теңге бөлінеді.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жалпы сомасы 18,6 млрд.теңгеге жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Бұл жобаларды іске асыруға шамамен 1 500 жұмысшы жұмылдырылады.

ФОТО: rudnyi-altai.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar