
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10,45 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 464,81 теңге. Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454,11 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,56 теңге, сатып алу – 469,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 464,80 теңгеден болса, сатып алу құны – 468,53 теңге. Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.