
Бұл туралы Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Кеден одағы шеңберінде әкімшілендіру бөлімінің басшысы Әлия Алшымбаева мәлім етті.
- ТІЖ енгізу идеясы - құжаттардың қайталанбауы, қағазға ресімдеу, құжаттарды мұрағаттық сақтауға арналған шығындар болмауы үшін электрондық құжат айналымын енгізу және бірнеше құжаттардың бір құжатқа ауыстырылуы болып табылады, - деді Әлия Алшымбаева.
Брифинг барысында бөлім басшысы кейіннен есепке алу нысандарын ТІЖ тауарлы-көліктік жүкқұжаттарына ауыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді.
- Көптеген СТ өтініштері бойынша, ҚР ҚМ МКК СТ АЖ баптау үшін бизнес-серіктестермен шарттық қарым-қатынас орнату үшін дайындық кезеңі берілді, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 379 бұйрығы шығарылды, онда ТІЖ ресімдеуді бастау күні өзгертілді, ТІЖ енгізу мерзімдері қайта қаралды, - деді Әлия Алшымбаева.