USD474.83EUR515.38RUB5.5

Ұлттық өнімге сұраныс артып келеді

20 желтоқсан 2019, 16:31
Жақында Семей қаласындағы қалалық әкімшілікте «Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін атап өту мақсатында салтанатты жиын өтті. Ауылшаруашылығы саласына арналған бұл жиында қазіргі таңдағы еліміздегі «АӨК-ті цифрландыру жүйесі туралы, субсидиялау, мал басын асылдандыру, қаражат көздерін қарастыру, жергілікті жерден шыққан табиғи өнімнің сұранысын арттыру туралы өзекті мәселелелер қоғзалып, жетістіктер сараланды.
Ұлттық өнімге сұраныс артып келеді

Сонымен қатар, өзге елдердің озық технологияларын егін және мал шаруашылықтарында пайдалану (климаттың өзгеруіне бейімделу сын-қатерін азайтады, егінді арттырып, мал басын көбейтеді, бизнес-процестерді дер кезінде жоспарлауға мүмкіндік беретіндігі) айтылды.

Жиын барысында қала әкімі Ермак Сәлімов бір қатар азаматтарды құттықтап, облыс әкімінің және облсы әкімі орынбасарларының Алғыс хаттарымен марапаттады.

«Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.

Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет.

Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек.

Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн.

Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын. 

Ағымдағы жылы өңірдің өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстарға тоқталайын. Дәнді-дақылдардан 745 тонна астық, 54 мың тонна картоп, 30 мың тонна көкөніс және 1 мың тонна бақша дақылдарынан өнім жиналды.

Қаланың барлық шаруашылық нысандарында 62,2 мың мүйізді ірі-қара, 73,1 мың қой мен ешкі, 38 мың жылқы және құс 1,3 млн. басты құрады.

Ағымдағы  жылдың 11 айларында 23 мың тонна  ет, 33 мың тонна сүт, 2,9 млн. дана жұмыртқа, 113 тонна жүн өндірілді. Ағымдағы жылы Семей қаласының 2017-2022 жылдарға арналған Аумақтық агроөнеркәсіп кешенін дамытудың аумақтық бағдарламасын іске асыру концепциясымен қарастырылған барлық  жоспарланған көрсеткіштерді орындауға Семей өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жұмыс істеуде.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 171 бас аналық асыл тұқымды қара малмен 635 бас қой сатып алынды. Олар «Жарқын», «Тұқлпар», «Тәңірберген»  шаруашылықтары.

Нәтижелі жұмыспен  қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 40 несие алушылар 156,6 млн. теңге беріліп, 291 бас ірі қара малы , 623 бас қой және 45 жылқы сатып алынды.

«Нұр» шаруа қожалығы (Шәкәрімов Қайырхан) ауданы 945 га суармалы жерлеріне дейін басты магистралдық сызығын және құрылысын салу бойынша облыстық бюджеттен 178,9 млн. теңге бөлінген  жоба іске асырылды.

2018 жылдан бастап алаңдардың электрондық картасын цифырландыру жүргізіліп жатыр. Барлығы 13261 га егіндік , 6727 гашабындық  және 757,2 мың га жайылымдық жерлерге цифырландыру жүргізілді.

Осы жылыдың өткен уақытында мал шаруашылығын дамытуға 858 млн. теңге және өсімдік шаруашылығына 81 млн. теңге субсидия төленді.

2019 жылы «жайылымдық жерлерді суландыру», 31 шаруа қожалығында құдықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Халықтан сүт жинау жеті ауылдық округте жүзеге асырылады, бүгінгі күні 725 тонна сүт жиналды.

Осы айдан бастап Ертіс ауылдық округіндегі Мұқыр ауылында  «Нұр» шаруа қожалығы (Қайырхан Шәкәрімов) сүт қабылдау пунктін ашып сүт жинау жұмыстарын бастап кетті.

2020 жылдың 1 тоқсанында Новобаженова ауылдық округінде орналасқан «Шолпан» шаруа қожалығының базасында  сүт қабылдау пунктін ашу жоспарлануда. Шаруашылықта қуаттылығы 2 тонналық тоңазытқыш қондырғысы  бар тоңазытқыш барлық ауылды қамтып тұр. Еліміздің өркендеуіне, дамып көркеюіне сіздердің қосқан үлестеріңіз жетерлік. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін осы бір қуанышпен құттықтаймын. Өзіміздің өнімдеріміз, сүтіміз, етіміз, астық, бидай, көкөністеріміздің барлығы сіздердей еңбекқор жандардың арқасында пайдалануға беріліп келеді. Мемлекетіміз де өнеркәсіп саласының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Алдағы уақытта сіздердің жасап жатқан еңбектеріңіз бағаланып, үлкен көмектер болады деп снемін. Сіздерге отбасылық амандық, мықты денсаулық тілеймін»-деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Сонымен қатар, мемлекеттің қазы­насы биылғы жылдың қорытын­дысында 830 миллиард теңге қосым­ша кіріске толығуы күтіліп отырғандығын, мұның өзі биылғы жылы дағдарысқа қарсы жоспардан шығуға және стратегиялық даму міндеттерін орындау үшін қазіргі проблемаларды шешуге мүмкіндік беретіндігін айта келе, осыған байланыс­ты негізгі үш міндетті атап көрсеткен болатын. Осыған орай «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жыл соңы­на дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамы­ту­дың мемлекеттік бағдарламасын әзір­леуді ұсынған еді.

Ауылшаруашылығы  және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған  салтанатты  шарада қойылған міндеттер, атқарылар жұмыстар алдағы уақыттың еншісінде жүзеге аспақ. Еліміз дамиды, ұлттық өнімге деген сұраныс одан ары артып, жаңа бағытта, жаңашыл фермерлер жұмысы ілгерілейді деп нық сенеміз. Дамыл таппай, еңбек етіп, ел игіліге жолында тер төгіп жүрген барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін, мерекелерімен шын көңілмен құттықтаймыз.

Мақпал МАРАТҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar