USD491.7EUR531.28RUB5.07

Қазақстанда мал басы өсіп келеді

09 маусым 2020, 11:22
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда мал басы өсіп келе жатқанын мәлім етті.
Қазақстанда мал басы өсіп келеді

«Ұлттық экономика министрлігінің баяндамасында аталып өткендей, осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 934,4 млрд теңгені құрады. Бұл өсім мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 2,3%-ға, оның ішінде сойылатын еттің 3,5%-ға, сүттің 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», - деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.


Оның айтуынша, облыстар бойынша республикалық қарқыннан жоғары көрсеткішке Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан өңірлері қол жеткізген.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені «Сондай-ақ, ірі қара мал санының - 4,1%-ға, қойдың - 2,8%-ға, жылқының - 7,9%-ға, түйенің - 4,4%-ға және шошқаның - 1,5%-ға өскені байқалады. Ал өсімдік шаруашылығында 2020 жылғы көктемгі дала және егіс жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Бүгінгі күні егіс жұмыстары толығымен аяқталды», - деді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar