USD449.3EUR489.69RUB4.89

Биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндірілмек

26 наурыз 2020, 13:09
Биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті.
Биыл Қазақстанда 120 млн тонна көмір өндірілмек

Ұсынылған ақпаратқа сүйенсек, елімізде ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында барлығы 18,3 млн тонна көмір өндірді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 10,4 млн тонна көмір жөнелтілсе, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 936,8 мың тоннасы жеткізілді. Ал, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 1,4 млн тонна бөлінген. Тағы 4,6 млн тоннасы экспортталған.


Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халықтың тұтынуына арналған көмірдің көмір өндіруші кәсіпорынның жөнелту бағасынан (тоннасы 3-6 мың теңге аралығында), тасымалдауға кеткен теміржол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады. «Елімізде көмір өнеркәсібін дамыту мақсатында өткен жылы «Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы« бекітілді. Сондай-ақ «2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір өнімдеріне қажеттілік жоспары« жасалды. 2020 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша жылдық жоспарға (2019 жылғы 1 мамырдан бастап 2020 жылғы сәуірге дейін) сәйкес көмір қорымен қамтамасыз ету 99,7% құрайды», - делінген министрлік ақпаратында.

Коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірдің жылдық жеткізу кестесін Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері толығымен жасап шыққан.


Сондай-ақ халық үшін көмірдің жылдық жеткізу кестесі, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақтан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктерінде дайын тұр.


«Айта кету керек , Қазақстанда 2020 жылы 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Осылайша елдің ішкі нарығына 82 млн тонна, экспортқа 38 млн тонна көмір жеткізілетін болады», - деді ведомстводан.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar