USD474.83EUR515.38RUB5.5

Баспасөз аңдатпасы

08 қыркүйек 2023, 16:29
«БЖЗҚ» АҚ 2023 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 10:00, 12:00, 14:00 онлайн форматта Ашық есік күнін өткізеді. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар».
Баспасөз аңдатпасы

БЖЗҚ мамандары нақты мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, енгізілген жаңалықтардың қолданылу тетігін түсіндіреді. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырып, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

ҚР Әлеуметтік кодексі Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейту, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан зейнеткерлерге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану, жерлеуге берілетін төлем мөлшерін ұлғайту, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), зейнетақы жарналарының баршаға арналған міндетті сипаты, комиссиялық сыйақыны төмендету, емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың жаңа қағидалары бойынша бірқатар жаңалықтарды көздейтінін естеріңізге саламыз.

Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі мәселеден бөлек, өздерін қызықтыратын басқа да сауалдар бойынша білікті ақыл-кеңес ала алады.      

Іс-шараға қатысу үшін онлайн тіркелу қажет.

Сағат 10:00-ғы іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет

https://enpf.webex.com/weblink/register/r390e6585c92d87ed1e930ad9ec3990bb

Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2515 715 4584 мен паролін 2023 енгізіңіз.

Сағат 12:00-гі іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет

https://enpf.webex.com/weblink/register/rb5ca71e2897ff31b9d03d2518e99981b

Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2513 607 5587 мен паролін 2023 енгізіңіз.

Сағат 14:00-гі іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет

https://enpf.webex.com/weblink/register/r090bd16dd1b5b0b1f785c4996fd8ca28

Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2518 764 1500 мен паролін 2023 енгізіңіз.

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді! 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar