USD524.65EUR552.19RUB5.14

Кәсіпкердің құқығын қорғау: Абай облысында 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

29 тамыз 2023, 16:41
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында бағытталған бірінші басымдықтардын бірі ол республикамызда кәсіпкерлікті жүйелі қолдау, себебі кәсіпкерлік – ол ұлттық экономикамыздың жетекші күші деп айтылып көрсетілген.
Кәсіпкердің құқығын қорғау: Абай облысында 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Кәсіпкерлерді қолдау және қорғауға бағытталған заңдардың қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті ат салысуда. Департаментпен кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік бақылаушы органдардың заңсыз араласуынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау барысында, Қазақстан Респуликасының заңнамасын бұзғандығы анықталған жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуды қолдану құқығы пайдаланылады. Атап айтқанда, 2023 жылы тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тарту құқығы барлығы 7 жағдайда қолданылған, оның ішінде кәсіпкерлерге қатысты 3 тексеру анықталған. Тексерулерді тағайындау актілерін тіркеуден бас тартудың ең көп таралған негіздері ол тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі, шарттарын бұзуы және міндетті түрде хабарлау туралы талап Кәсіпкерлік кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген кезде, тексеру субъектісіне алдағы тексеру туралы хабарлау жөніндегі деректердің болмауы немесе жоғарыда көрсетілген кодексте көзделген хабарлау тәртібінің бұзулуы орын алған. Осы заңсыз тағайындалған тексеру актілері бойынша департаментпен  2023 жылдың 8 айы бойынша облыс деңгейінде мемлекеттік бақылаушы және қадагалау органдарының басшыларының атына 3 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, нәтижесінде 8 лауазымды тұлғалар тәртіптік  жауапкершілікке тартылған. Осы бағытта Абай  облысы бойынша департаменті алға қойған мақсаты-кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын қорғау, Конституцияда белгіленген кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департамент бастығының м.а. Ақмарал Тоқбергенова


Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar