USD446.49EUR475.38RUB4.79

Декларациялаудың екінші кезеңі басталды

18 қаңтар 2023, 09:42
Елімізде кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды.
Декларациялаудың екінші кезеңі басталды

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова биылғы декларациялаудың маңызды тұстарына тоқталды.

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде декларацияны квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырады. Квазимемлекеттік секторға мемлекеттік қатысу үлесі бар ЖШС, АҚ, ұлттық холдингтер жатады. Осы салаларда жұмыс істейтіндердің барлығы 250 форма бойынша ұсынуға міндеттеме алады, - деп атап өтті Әсем Тұрлыбекова.

- Декларацияны 250 форма бойынша тапсырғаннан кейін, жыл сайын 270 форма бойынша тапсыру міндеттеледі. Оны толтыру кезінде ҚР аумағында бар барлық мүлікті көрсетудің қажеті жоқ. Негізгі назар шетелдегі активтерге, сондай-ақ 10 000 АЕК-тен аспайтын қолма-қол ақшаға аударылады. Сонымен қатар инвестициялық алтын, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, тұрғын үй құрылысындағы үлесі және егер ҚР тыс жерлерде жылжымайтын немесе жылжымалы мүлік болса, шетелдік банктерде қаражат сомасы 1 000 АЕК-тен асса көрсетіледі, - деп толықтырды Әсем Тұрлыбекова.

- Айта кету керек, декларация жыл сайын қағаз түрінде 15 шілдеге дейін, электронды түрде – 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Сіз EGOV порталын немесе ыңғайлы e-salyq azamat қосымшасын қолдана аласыз. 250 нысанды ұсынғаннан кейін жыл сайын 270 нысанды ұсыну қажет, - деп қорытындылады Әсем Тұрлыбекова.

Жалпыға бірдей декларация тапсыру арқылы көлеңкелі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен күресуді, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету ашықтығы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік керістер департаменті салық төлеушінің бастапқы декларациясын және кейінгі декларацияларда көрсетілген мәліметтерді салыстырады.

Декларацияны ұсынбағандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту берілсе, екінші ретінде 15 АЕК, толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar