USD449.58EUR486.94RUB4.86

2019 жылы БЖТ төлеушілер 924 млн теңгеден астам төлем аударды

11 ақпан 2020, 15:11
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ ) төлеушілер болып табылатын, бейресми жұмыспен қамтылған 297 мың азамат жалпы сомасы 924,1 млн.теңгеге 562,3 мың төлем жасады.
2019 жылы БЖТ төлеушілер 924 млн теңгеден астам төлем аударды

Төлемдердің жалпы санынан 166,9 мың төлемді елорданың, республикалық және облыстық маңызы бар қаланың тұрғындары 421,5 млн. теңге сомасына, 395.4 мың төлемді 502,6 млн.теңгеге басқа елді мекендердің тұрғындары жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖТ – бұл бейресми жұмыспен қамтылған адамдарға жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін режим.

БЖТ жылдық жиынтық табысы 1 175 АЕК (2020 жылы – 3 млн 115 мың теңге) аспайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтар үшін енгізілді.

Ол 4 төлемді қамтиды: жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар.

Қала мен ауыл тұрғындарының кірістеріндегі айырмашылықты ескере отырып, қала тұрғындары үшін БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе 2 651 теңгені құрайды, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК - 2020 жылы 1 325,5 теңге.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

- 10 % – жеке табыс салығы;

- 20 % - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

- 30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналары;

- 40 % - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ төлеу азаматтарға мынадай мүмкіндіктер береді:

  • - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және МӘМС енгізгеннен кейін медициналық мекемені таңдау құқығымен медициналық қызметтер алу;
  • - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу. БЖТ төлеушілер өздерінің жинақтарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында толықтыру, еңбек өтіліне байланысты жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болады;
  • - еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.

Бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар ЖСН-і арқылы «Қазақстан Халық банкі», «Forte bank», «Сбербанк», «Цеснабанк», «Банк центр кредит», «Каспи банк», «Казпочта» бөлімшелері арқылы, сондай-ақ мобильді банктік қосымшалар арқылы БЖТ төлейді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar