USD447.4EUR477.55RUB4.76

Шетел валютасымен айырбас операцияларына лицензия беру туралы

21 желтоқсан 2022, 15:54
Ұлттық Банктің филиалдары «Уәкілетті ұйымдарға берілетін, қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуде. Абай облысындағы филиалда осындай қызметті қалай алуға болатынын айтып берді.
Шетел валютасымен айырбас операцияларына лицензия беру туралы

Қазақстанда валюта айырбастауды Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар, мысалы, банктік емес айырбастау пункттері жүзеге асыра алады.

Уәкiлеттi ұйымдарға бiрқатар бiлiктiлiк талаптары, атап айтқанда, құрылтайшыларына да (мысалы, олар жарғылық капиталға салынатын салымдардың шығу көздерiн ашып көрсетуге мiндеттi), ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшерi мен қалыптастыру тәртiбiне де талаптар қойылады. Әрине, айырбастау пункттерінің үй-жайына, жабдықталуына және қызметкерлеріне қойылатын талаптар да бар.

Валюта айырбастауға берілетін лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында көзделген құжаттарды «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жібереді.

Заңды тұлға шетел валютасын сатып алу-сату лицензиясын және оның қосымшасын алуға өтініш бермес бұрын, уәкілетті ұйым Астана қаласында, республикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың әкімшілік орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін – 100 миллион теңге, ал басқа жерде орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін – 50 миллион теңге болатын ең төменгі жарғылық капиталды қалыптастыруға міндетті. Уәкілетті ұйым қосымша айырбастау пунктін ашса, оның жарғылық капиталы ұлғайтылуға жатады. Сондай-ақ лицензия алуға өтініш берген кезде заңды тұлға 40 АЕК құрайтын лицензиялық алым төлейді.

Айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін орналастыруға арналған үй-жайы болуы керек. Айырбастау пунктiнiң үй-жайларын күзетудi және жайластыруды ұйымдастыру Екiншi деңгейдегi банктердiң, ҚР бейрезидентi банктер филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетудi және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия заңды тұлға барлық қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде беріледі.

Кеңес алу үшін Ұлттық банктің Абай облысы бойынша филиалына жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, 8 (7272) 78-81-04 (ішкі 2781) телефоны арқылы хабарласуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar