
Бүгін Лондон қор биржасындағы саудада «Брент» маркалы мұнайдың 1 баррелі 70 доллар 16 центті құрады. Соңғы рет қара алтынның құны былтыр мамыр айында осылай шарықтаған. Ол кезде мұнай нарығына Парсы шығанағындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің 2 танкеріне шабуыл әсер еткен еді. АҚШ бұл қастандықты Иран жасады деп, аймақтағы жағдай бірнеше ай шиеленісте болған.