USD445.66EUR474.58RUB4.78

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Абай облысында өз жұмысын бастады

12 шілде 2022, 16:02
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары — қайырымдылық жобасының бір бөлігі болып табылады. Басты мақсат сапалы медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізе алмайтын еліміздің шалғай станциялары мен жақын орналасқан ауылдарының тұрғындарын тегін медициналық тексеру және диагностикалау болып табылады.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Абай облысында өз жұмысын бастады

Қазақстан бойынша жүретін «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы өз жұмысын 2022 жылдың 20 маусымынан бастады. 11 шілдеден бастап медициналық пойыз жақында құрылған Абай облысының шалғай елді мекендерінің және оларға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді.

Алғашқы аялдама Жарма станциясы болды. 13-17 шілдеде Жаңғызтөбе станциясында, 25-26 шілдеде – Суықбұлақ, 27-28 шілдеде — Белағаш және 29-30 шілдеде – Ауыл станциясында тұрғындарды қабылдау басталады.

Консультациялық-диагностикалық пойыздың дәрігерлері тұрғындарды таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды.

Жалпы пойыз еліміздің 67 шалғай станциясына барады. Оның ішінде Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстары арқылы өтіп, тегін медициналық тексеру өткізеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar