USD484.37EUR531.06RUB5.05

30 мыңға жуық парацетамол жеткізілді.

23 шілде 2020, 14:06
Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторингтік тобы дәріханалар мен дәріхана қоймаларына рейд жүргізді. Рейд кезінде "Inkar" ЖШС фармацевтикалық компаниясының филиалына дәрі-дәрмек, оның ішінде ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы препараттар жеткізілген болатын.
30 мыңға жуық парацетамол жеткізілді.

«Inkar» ЖШС фармацевтикалық компаниясы филиалы басшылығының айтуынша, 30 мыңға жуық парацетамол орамасы келіп түскен. Дәрі-дәрмектер Шемонаиха, Зайсан, Күршім аудандарына,  сонымен қатар Алтай ауданының және Өскемен, Риддер қалаларының дәріханалары арасында үлестіріледі. Дәрі-дәрмектер 22 шілдеге дейін  барлық дәріханаларға жеткізіледі.

Айта кетейік, облыс аумағында дәрі - дәрмектерді көтерме, бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын 800-ден астам дәріхана мен дәріхана қоймасы жұмыс істейді.

Елдегі және Шығыс өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты вирустық инфекция мен респираторлық аурулардың кешенді терапиясында қолданылатын ыстықты төмендететін, бактерияға қарсы (цефтриаксон, азитромицин) және вирусты жоятын препараттар бойынша тапшылық жағдайы орын алған болатын.

Фармацевтикалық бақылау және фармацевтикалық инспекторат бөлімінің мамандары Шығыс Қазақстан облысы бойынша  бөлшек сауда желісіне одан әрі сату үшін дәріханалық қоймаларға жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу, вирусқа қарсы препараттардың болуы бойынша алдағы уақытта мониторингтік жұмыстар жүргізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar