USD483.23EUR534.74RUB5.12

Облыс әкімі Татарстан дәрігерлерін қабылдады.

23 шілде 2020, 14:02
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасынан келген дәрігерлермен кездесті. Аталмыш дәрігерлер тобы Өскеменге тәжірибе алмасып, коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде көмектесуге келген.
Облыс әкімі Татарстан дәрігерлерін қабылдады.

12 адамнан тұратын топ құрамына пульмонолог, анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог сынды мамандар және инфекциялық аурухана дәрігерлері мен қызметкерлері енген. Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін облыс әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасының Президенті Рустамом Миннихановпен аталмыш мәселе бойынша келіссөз жүргізген еді.

–        Шығыс Қазақстанда медицинаның дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сатып алынған заманауи техникалар іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі індеттің алдын алу мақсатында сіздермен тәжірибе алмасып, жақсы көрсеткішке қол жеткіземіз деген сенімдемін, – деді Д.Ахметов.

Мамандар 2 күн аралығында аудандық және қалалық ауруханалардың дәрігерлерімен онлайн байланысқа шығып, кеңес беріп, жалпы жағдайымен танысады. Кейіннен осы ай соңына дейін әр ауданға бөлініп, дәрігерлерге көмектесетін болады.

–    Аймақтарыңызда коронавируспен күресу үшін ӨЖЖ, оттегі концентраторлары сынды жабдықтар көптеп сатып алыныпты. Бұл – дұрыс шешім. Жалпы екі елдің қолданып отырған әдіс-тәсілдері ұқсас. Алайда соның өзінде бірлесіп жаңа тәжірибе жинақтаймыз деп ойлаймын, – деді келген топтың жетекшісі, Татарстан Республикасы орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Марсель Миннулин.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

4 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar