
Бұл туралы қала басшысы Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Қазцинк компаниясына демеушілік көмек көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Бұл пандемиямен күресте маңызды, қажетті шара, - дейді шаһар басшысы.
90 оттегі концентраторының 30-ы бірінші қалалық ауруханаға, 60-ы – төртінші қалалық ауруханаға беріліп отыр. Бұл науқастардың тез айығып шығуына септігін тигізетін аса қажет аппарат екенін айта кеткен жөн.