USD514.65EUR544.6RUB5.17

Өскемен мен Семейде жағдайы ауыр науқастарға арнайы бөлімшелер ашылады

14 шілде 2020, 09:47
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов аудан әкімдерінің, облыстың инфекциялық, провизорлық стационарларының бас дәрігерлерінің және денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен өткен кезекті жиналыс барысында мәлімдеді.
Өскемен мен Семейде жағдайы ауыр науқастарға арнайы бөлімшелер ашылады

Жиналыста  Өскемен қаласы, Аягөз, Жарма аудандарының әкімдері мен бас дәрігерлері медициналық препараттармен, жабдықтармен қамтылу жағдайы, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен және пневмониямен сырқаттанған ауыр науқастарға қолданылатын шаралар туралы есеп берді. Бүгінде облыс ауруханаларындағы төсек орын жүктемесі  40% құрайды екен.

Даниал Ахметов Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанға 15 шілдеден бастап Семей және Өскемен қалаларында COVID-19 және пневмониясы бар сырқат деңгейі ауыр науқастарға арналған мамандандырылған бөлімшелер ашуды тапсырды.

Сонымен қатар, алдағы бірнеше күнде эпидемиологиялық жағдайды, стационарлардың жүктемесін қадағалауға, облыс ауруханаларының дәрілік ресурстарын бақылауға мүмкіндік беретін сандық сервис іске қосылғанын еске саламыз.

- Біздің басты міндетіміз - COVID-19 вирусының таралуын тоқтату және аймақ тұрғындарына толыққанды медициналық көмек көрсету, - деді аймақ басшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar