USD491.7EUR531.28RUB5.07

Семей электротехникалық колледжі коронавирустық инфекциясы бар науқастарға көмектесетін құрылғылар шығарады

13 шілде 2020, 11:16
Қалада эпидемиологиялық жағдай қиын. Күн сайын ондаған науқас ауруханаларға қабылданады. Сонымен қатар, пациенттерді емдеуге арналған құралдар пациенттердің өздеріне қарағанда әлдеқайда аз. Сондықтан Семей электротехникалық колледжінің қызметкерлері коронавируспен күресуге өз үлестерін қосуды шешті. Мұнда Бобров аппаратын - оттегімен қамтамасыз ететін арнайы құрылғы жасай бастады.
Семей электротехникалық колледжі коронавирустық инфекциясы бар науқастарға көмектесетін құрылғылар шығарады

Құрылғылар пациенттің тыныс алуы үшін ылғалданған оттегін беретін болады. Осындай машинаны 3D-принтерде шығару үшін орташа есеппен 1,5-2 сағат кетеді. Бүгінгі таңда 20 құрылғы шығарылған.

- Қаламыздағы дәрігерлермен бірлесіп, біз Бобров аппаратын 3D-принтерінде шығаруды ұйғардық. Біз 20-дан астам осындай құрылғылар жасап, қалалық ауруханаларға тараттық. Қажет болса, біз аймақтарға да көмектесуге дайынбыз. Мұндай жаңа құрылғы шамамен 200 мың теңге тұрады, ал біз оларды тегін таратамыз. Құрылғыны жасау 1,5-2 сағатты алады, бірақ бізде 10 3D-принтер бар және де біз 1,5 сағаттың ішінде осындай 10 құрылғыны шығара аламыз. Аппарат жасау бойынша жұмыс жалғасуда, - дейді колледж директоры Азат Сарпеков.

Колледж басшылығының айтуынша, қалалық ауруханалар қазіргі таңда Бобров аппараттарымен толық жабдықталған. Енді колледж аймақтағы ауруханаларға көмек қолын созуға және оларды осы құрылғылармен қамтамасыз етуге ниетті.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar