Қауіпті аурудың барлық ауырлықтарын көріп, Азат Сарпеков коронавируспен күресуге қатысып, КВИ-мен ауыратын науқастарға көмек қолын созуға шешім қабылдады.
–Мен осы дертке шалдығып, қатты қиындықтар көрдім. Бірақ қазіргі таңда толық сауықтым! Осыған себепкер болған мені емдеген Семей каласының жұқпалы аурулар емханасының қызметкерлері. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда плазманың доноры болуға мүмкіндік бар. Коронавируспен ауырған адам ретінде мен басқаларға көмектесуге дайынмын. Кеше ғана өтініш бердім, келесі аптада Қан орталығына барамын. Менің коронавируспен ауыратын достарым да донор болуға және адамдарға көмектесуге дайын, - дейді Азат Сарпеков.
Айта кетейік, Семей каласының қан орталығында әлеуетті донорлардың тізімін қалыптастыру және Covid-19 вирусына антиденелері бар иммундық плазма дайындау жұмыстары жалғасуда. Иммундық плазма дегеніміз - кез келген инфекциялық агенттерге қарсы антиденелері бар адам қанының сұйық бөлігі. Мысалға алғанда, коронавирустық инфекциямен ауырып, сауыққан адамдардың плазмасында осы ауруды жеңуге көмектесетін антиденелер болады. Коронавирустық инфекциямен ауырып, сауыққан адамдардың иммундық плазмасын құю кезінде реципиентте пассивті иммунитет құрылады, ол оған осы аурумен күресуге көмектеседі. Covid-19 вирусымен ауырып, сауығып шыққан адамдардың барлығы дерлік иммундық плазманың доноры бола алмайды. Иммундық плазманы дайындау үшін донорларды іріктеу талабы- коронавирустық инфекцияларға антиденелердің жеткілікті санының болуында. Иммундық плазманы құю, науқастың тез емделіп шығуына көмектеседі№ Иммундық плазманың донорларына жеті айлық есеп көрсеткіші, яғни 19 446 теңге төлем ақы қарастырылған.
Донор болу үшін Семей каласының қан орталығына хабарласу қажет: 8-7222-42-15-34 Құпиялыққа кепіл беріледі. Қан орталығына келу және кері қайту үшін қызметтік автокөлікті пайдалана алады.
Семей қаласының ақпараттық орталығы