Жалпы ШҚО-да КВИ-мен күреске қосымша 148 дәрігер мен 212 медбике тартылған. Барлық медицина қызметкерлері қажетті жеке қорғаныс құралдарының 1,5 айлық қорымен қамтамасыз етілген. Енді облыс стандарт талаптарына сай келетін қорғаныс костюмдерін өзінде шығаруға кірісті.
- Біз бұл кідіріс уақытында болжалды түрде күзде болатын анағұрлым күрделі жағдайға дайындалуымыз керек, - деді Даниал Ахметов. – Бүгінде біз әр аурухананың жылдамдық жағдайын, нақты жүктеме мен белгілі бір дәрі-дәрмектердің бар-жоғын көріп, біліп отырмыз. Біздің жұмысымыз алдағы уақытта бұдан да қиын сынақтарға дайын болуға бағытталған.