USD483.23EUR534.74RUB5.12

Жөтелген кезде нені ескеру керек?

10 шілде 2020, 11:41
Жөтелген кезде ескеретін қарапайым һәм маңызды бірнеше қағида бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жөтелген кезде нені ескеру керек?

Жөтелгенде немесе түшкіргенде жаныңыздағы адамдардан теріс айналып, басты еңкейткен дұрыс. Сол кезде ауызды сүлгімен жабу керек. Пайдаланылған шүберекті дереу қоқысқа тастауды ұмытпаңыз.

Қақырықты жөтел кезінде кез келген жерге емес, пакетке, майлыққа немесе сүлгіге түкірген абзал. Көшеде қақырып-түкіру айналадағы адамдардың ашуына тиіп қана қоймай, қоршаған ортаға вирус таратуы мүмкін.

Сүлгі, майлық болмай қалса, жұдырыққа жөтелген дұрыс емес. Дұрысы – ауызды сол қолдың сыртымен немесе шынтақпен жабу. Вирус жұқтырған адам басқалармен қарым-қатынас жасамауы керек. Кем дегенде 3 күн үйде жатып, емделгені жөн.

 Қолды жиі жуу көп қатерден сақтайды. Қолмен бетті, мұрынды, көзді ұстамауға тырысыңыз. Себебі қолдағы вирус көзге жұғуы мүмкін. Жөтеліп, түшкіргеннен кейін қолды бірден жуу – негізгі этика.

Жөтел пайда болса, дереу дәрі ішіп, тағы бір ауру жұқтырып алмаудың амалын жасаңыз. Сонымен бірге жөтел кезінде тынысалу жолдары тазаратынын да білу керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

4 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar