
«Қазір өкінішке қарай, өңірімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өскемен қаласындағы Абай және Шәкәрім даңғылдарындағы стационарлар 80-90%-ға толған. Сондықтан дүйсенбіден бастап облыстық ауруханада COVID-19 инфекциясына шалдыққандарды емдейтін жаңа госпиталь ашылады. Барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген сол медициналық мекемеде 50 науқасты қабылдай аламыз», - дейді Зағрипа Әбдиева