USD484.37EUR531.06RUB5.05

ШҚО-ның дәрігері пандемияға сенбейтіндерге жауап берді

25 маусым 2020, 13:55
Облыста қабылданып жатқан карантиндік шараларға қарамастан күнделікті коронавирус жұқтырған науқастардың саны артуда.
ШҚО-ның дәрігері пандемияға сенбейтіндерге жауап берді

Семейдің жедел штабының мұшесі, медицина мәселелері бойынша үйлестіруші Найля Альменованың айтуынша, 24 маусымда Семейде коронавирус жұқтырған 18 науқас тіркелген.

- Науқастардың арасында зейнет жасындағы адамдардың қатары артып келетіні алаңдатады. Бұлар тәуекел тобындағы категорияға жатады. 1 маусымнан 23 маусымға дейінгі аралықта қаладағы аурудың деңгейі 5 есе артты. Инфекциялық стационарда қазір 77 науқас ем қабылдауда, олардың 11-інің жағдайы ауыр. Үш науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Құрметті жерлестер! Өкінішке орай, арамызда пандемияға сенбейтіндер көп. Коронавирус жұқтырғандар мен карантин шараларының күшейтілуі туралы ресми мәліметтерге қатысты сын айтылуда. Алайда біз саналылық танытуымыз қажет! Бүгін біз бәрімізге ортақ қауіпке қарсы бірлесе күш жұмылдырсақ, жағдайды жақсарта аламыз! – дейді Найля Альменова.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar